Әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 10:58 Фото: freepik
2026 жылғы 20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингтің көшін Apple компаниясы бастады. Ақпаратқа сүйенсек, технологиялық алпауыттың бренд құны 607,6 млрд АҚШ долларын құрады.

"Apple компаниясының құны 6%-ға өсті", – делінген Brand Finance жарияланымында.

Екінші орынға Microsoft жайғасты. Компанияның бренд құны 565,2 млрд доллар деп бағаланды. Ал үшінші орында Google тұр – оның құны 433,1 млрд долларды құрайды.

Үздік үштіктен кейінгі орынға Amazon орналасып, компанияның құны 369,9 млрд доллар болды. Ал бестікті Nvidia түйіндеді – оның бренд құны 184,3 млрд доллар деп бағаланды. Бұл ретте, Nvidia бағасы екі есеге жуық өскен, осылайша, ол TikTok, Walmart, Samsung және Facebook компанияларын басып озды. Айта кетейік, өткен жылы Nvidia бұл тізімде тек тоғызыншы орында болған.

Сарапшылар YouTube-ты әлемдегі ең қуатты бренд деп таныды, ал қытайлық WeChat екінші орынға шықты. Өз кезегінде, Microsoft бренд күшінің көрсеткіші бойынша Google мен LEGO-ны басып озып, үшінші орынға ие болды.

Ең қымбат брендтердің жартысынан көбі АҚШ-қа тиесілі, 15%-ы Қытайдан, ал 5,6%-ы Германиядан шыққан компаниялар.

Бұған дейін Италияда екі танымал клубтың жанкүйерлері жолда жаппай төбелес ұйымдастырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: