Күн тұтылуы: 17 ақпанда Жер тұрғындары ерекше құбылысты бақылай алады

Күн тұтылуы: 17 ақпанда Жер тұрғындары ерекше құбылысты бақылай алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 12:17 Сурет: pixabay
2026 жылы алғашқы күн тұтылуы 17 ақпанда өтеді. Бұл астрономиялық құбылыс сақина тәріздес болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, аспан құбылысы Қазақстан уақытымен 14:56-да басталып, 19:27-ге дейін жалғасады. Ал оның шарықтау сәті – 17:12-де күтілуде.

Бұл құбылысты Антарктидадан, сондай-ақ Оңтүстік Америка мен Африка кейбір елдерінен бақылауға болады.

Сақиналы күн тұтылуы – Ай біздің планетамыз бен Күннің арасында өткен ерекше сәт. Дегенмен, Айдың орбитасының ерекшелігіне байланысты ол Күнді толық жауып тастамайды. Нәтижесінде Айдың қара силуэтінің айналасында жарқыраған жарық сақинасы пайда болады.

Келесі маңызды астрономиялық құбылыс – Айдың толықтай тұтылуы, ол 3 наурызға болжануда.

Бұған дейін ғарышта жұмбақ "құс" қайта көрінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: