Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру шамамен 4 трлн теңгеге жетті

Цены на продукты, цены, цена на продукты, цена, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, повышение цен на продукты, стоимость, стоимость продуктов, увеличение стоимости, увеличение стоимости на продукты, рост цен, рост цен на продукты, увеличение цен, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 13:05 Фото: Zakon.kz
Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 17 ақпанда Үкімет отырысында елдегі азық-түлік өнімдерін өндірудің өсуі туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы тұрақты әрі қарқынды даму жолын көрсетіп отыр.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 3,9 триллион теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,1% жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,1 есеге өсіп, 389,4 миллиард теңгеге жетті. 2025 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 3,2 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8% жоғары. Сонымен қатар, жалпы АШҚ экспортында өңделген өнімнің үлесі 52%", – деді министр.

Сапаровтың айтуынша, бұл өндірісті әртараптандыруға және жоғары қосылған құны бар өнім үлесін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

"Өсімдік шаруашылығы саласында егістік алқаптарын жүйелі түрде әртараптандыру жүргізіліп, жоғары рентабельді және әлемдік нарықта сұранысқа ие дақылдарды өндіруге көштік. Бүгінде майлы дақылдар өсімдік шаруашылығының табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі драйверге айналды. 2025 жылы майлы дақылдардың жалпы өнім көлемі алғаш рет 4,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 48% артық. Оған күнбағыс – 39%, зығыр – 77%, рапс – 2,2 есе көп өнім жинау кірді. Сонымен қатар, егістік жұмыстарын жүргізу үшін 12–15 ай мерзімге 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие бөлінеді, қайтарымдылығы шамамен 99% құрайды", – деді Сапаров.

Еске салайық, 2025 жылғы 24 желтоқсанда Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстандағы егін өнімділігінің өсу себептері түсіндірілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: