Қазақстан азық-түлік өңдеу үлесін 55%-ға жеткізбек
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 2 желтоқсанда өткен үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азық-түлік өнімдерін өңдеу үлесін ұлғайту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, азық-түлік өңдеуі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша жылдық 2,5% мөлшерлемемен несиелендіретін бағыттар тізбесіне енгізілген.
"2024 жылдан бастап айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық таза 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру іске қосылды. 12 кәсіпорынға 35 млрд теңге қаржы бөлінді. Биыл 44,3 млрд теңге бөлініп, шамамен 100 кәсіпорын қамтылды. Келер жылы қаржыландыру көлемін 1,5 есе арттыру жоспарлануда. Саланы инвестициямен тарту мақсатында шығындарды өтеу үлесі ұлғайтылды: қант пен жұмыртқа бойынша – 40%, ал жоғары өңдеу өнімдері бойынша – 50%", – деді Сапаров.
Министрдің мәліметінше, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб аясында ең ірі кәсіпорындардың тізбесі қалыптастырылған. Өндіріс көлеміне ай сайын мониторинг жүргізіліп, проблемалық мәселелер мен өсім резервтері анықталып отырады.
"Жалпы аталған шараларды іске асыру 2024 жылы Ұлттық даму жоспарында бекітілген өнімдер бойынша өңдеу үлесін 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл — ет, сүт, майлы дақылдардың тұқымы, күріш, жүгері, қарақұмық. Биыл бұл көрсеткіштің 55%-ға дейін өсуі күтілуде", – деп толықтырды министр.
Бұған дейін Қазақстанда ұн мен өсімдік майының өндірісі артқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript