Ғалымдар Антарктидада гравитацияның әлсірегенін анықтады
Сурет: freepik
Алғаш қарағанда Жердің тартылыс күші өзгермейтін, тұрақты құбылыс сияқты көрінеді. Алайда шын мәнінде гравитация Жер бетінің әр нүктесінде әртүрлі болады. Мәселен, тартылыс күші ең әлсіз аймақ ретінде мәңгілік мұз құрсауындағы Антарктида анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Scientific Russia дерегіне сүйенсек, миллиондаған жылдар бойы Жер қыртысының терең қабаттарында өте баяу қозғалған тау жыныстары қазіргі антарктикалық гравитациялық ойыстың қалыптасуына себеп болған. Яғни, бұл – табиғи геологиялық үдерістердің нәтижесі.
Зерттеушілердің айтуынша, жер астындағы тау жыныстары тығыздығының әркелкі болуына байланысты гравитацияда аздаған тербелістер болады. Абсолюттік тұрғыдан бұл айырмашылықтар өте мардымсыз. Дегенмен олар Дүниежүзілік мұхитқа айтарлықтай әсер етуі ықтимал.
Антарктидада Қазақстан жайлы қандай естеліктер бар екенін сілтемеге өту арқылы оқи отырыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript