Антарктидадағы "Қанды сарқыраманың" құпиясы ашылды

Антарктидадағы "Қанды сарқыраманың" құпиясы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 13:16 Сурет: X/HowThingsWork_
Халықаралық ғалымдар тобы Антарктидадағы әйгілі Блад-Фоллс ("Қанды сарқырама") сарқырамасының қалай пайда болатынын толық түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қанды сарқырама" – Шығыс Антарктидадағы Тейлор мұздығының етегінде орналасқан ерекше табиғи құбылыс. Ғалымдар 100 жылдан астам уақыт бойы ақ мұздың үстімен ағып жатқан қызыл түсті сұйықтықтың себебін түсіне алмай келді. Бұл сұйықтық өте суық температурада да қатпайды. Жаңа зерттеу оның қалай пайда болатынын анықтады.

aif.ru басылымының жазуынша, бұл сарқырама алғаш рет 1911 жылы австралиялық геолог Гриффит Тейлор тарапынан сипатталған. Ол кезде бұл қызыл түсті балдырлардың әсері болуы мүмкін деген болжам айтылған, бірақ кейін ол нұсқа расталмады.

Ғалымдардың айтуынша, қызыл түсті судың көзі – мұздықтың астында шамамен 1,5 миллион жыл бойы тұтылып жатқан өте тұзды көне ерітінді (тұзды су). Тұздың өте жоғары мөлшерінің арқасында бұл сұйықтық қатты аязда да қатпайды.

Бұл тұзды су жер бетіне шыққанда, ондағы темір қосылыстары ауадағы оттекпен әрекеттеседі (тотығады). Дәл осы процесс судың қанық қызыл түске боялуына себеп болады.

Осылайша, жүз жылдан аса уақыт бойы жұмбақ болып келген табиғи құбылыс толықтай ашылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: