Қытай ғалымдары астероидтарды ядролық бомба арқылы жою тәсілін ұсынды

Қытай ғалымдары астероидтарды ядролық бомба арқылы жою тәсілін ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 17:00 Сурет: pexels
Қытайлық зерттеушілер Жерге қауіп төндіретін ірі астероидтарды жоюдың немесе олардың бағытын өзгертудің жаңа әрі тиімді әдісін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу нәтижелері Space: Science & Technology ғылыми журналында жарияланып, кейін бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Ғалымдар ұсынған жобаға сәйкес, алдымен арнайы ғарыш аппараты астероидтың ішіне металл пенетраторды (тесіп енетін арнайы құрылғыны) енгізеді. Бұл құрылғы астероидтың терең қабатына дейін тесік бұрғылайды. Одан кейін екінші ғарыш аппараты сол тесікке ядролық жарылғыш құрылғыны жеткізіп, оны астероидтың ішінде жарып жібереді.

Компьютерлік модельдеу нәтижелері көрсеткендей, қуаты 3 мегатонна болатын ядролық жарылыс диаметрі шамамен 100 метрлік астероидты толықтай жоюға қабілетті.

Зерттеушілердің айтуынша, егер ядролық заряд астероидтың бетіне емес, шамамен 30 метр тереңдікке орналастырылса, оның әсер ету тиімділігі жер бетінде жарылғанмен салыстырғанда үш еседен астам жоғары болады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл тәсіл 2022 жылы NASA жүзеге асырған DART миссиясына қарағанда әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Ол кезде ғарыш аппараты астероидпен әдейі соқтығысып, оның қозғалыс жылдамдығын аз ғана өзгерте алған еді.

Зерттеушілердің айтуынша, егер Жерге қарай келе жатқан ірі астероид оның соқтығысуына аз уақыт қалғанда ғана анықталса, ядролық әдіс планетаны қорғаудың жалғыз тиімді жолына айналуы мүмкін. Алайда мұндай миссияны жүзеге асыру үшін қауіпті нысанды алдын ала ерте анықтау, сондай-ақ ғарышқа ауыр жүктерді шығара алатын аса қуатты зымыран-тасығыштар қажет болады.

Бұған дейін ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: