2022 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бөліне ме?
primeminister.kz
Шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота жұмыс күші санына проценттік қатынаста белгіленеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота белгілеу туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мәселен, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота жұмыс күші санына проценттік қатынаста белгіленеді:
- жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша 0,31%;
- еңбек иммигранттарын тартуға 3,2% мөлшерінде.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін 6 желтоқсанға дейін орналастырылған.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript