Жаңалықтар тізбегі
0

SWIFT Еуропаның санкциялар туралы шешімін орындауға дайын

 SWIFT санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2022 10:11 Сурет: pixabay
SWIFT "нұсқаулықтарды орындау" үшін детальдарды егжей-тегжейлі зерттеп, оны жүзеге асыруға дайын болу мақсатында Еуропалық билікпен өзара іс-қимылға көшкенін хабарлады. Ресейдің бірнеше ірі банктері шектеулерге ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік Банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамы SWIFT Еуропа елдерінің жекелеген ресейлік банктерге қарсы санкциялар салу туралы шешімін заңды бұйрықтан кейін орындауға дайын, деп NBC телеарнасы аталған ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

26 ақпанда АҚШ пен олардың одақтастары өзара келісімге келгендерін жариялады.

SWIFT-тен жекелеген ресейлік банктерді шеттетуді қамтамасыз ету бойынша біз өз мойынымызға міндеттеме аламыз. Бұл шешім банктердің халықаралық қаржы жүйесінен аластатылуын қамтамасыз етеді және олардың жаһандық ауқымда жұмыс істеу қабілеті айтарлықтай деңгейде жойылады. Еуропа елдері басшыларының біріккен мәлімдемесі

SWIFT "нұсқаулықтарды орындау" үшін детальдарды егжей-тегжейлі зерттеп, оны жүзеге асыруға дайын болу мақсатында Еуропалық билікпен өзара іс-қимылға көшкенін хабарлады.

Ресейдің бірнеше ірі банктері, соның ішінде Сбербанк пен ВТБ жаңа шектеулерге ұшырады.

Бұған дейін Германия мен Италия билігі Ресейді SWIFT-тен ажыратуға ниетті емес екендерін хабарлаған, өйткені Еуропа экономикасы АҚШ экономикасына қарағанда Ресеймен тығыз байланысты. Бірақ Украинадағы жағдай күшейген сайын бұл реттегі пікір өзгеруге бейім бола түсуде.

26 ақпанда Германия үкіметі Ресейді SWIFT-тен толықтай емес, бірақ белгілі бір деңгейде шеттетуді қолдай алатындықтарын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: