Кремль: Ресейде дефолт болмайды!
Сурет: РФ президентінің баспасөз қызметі
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттік қарыз бойынша дефолтқа жол бермес үшін Ресейде қажетті барлық қаражат пен ресурстар жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС хабарлағандай, Песков гипотетикалық тұрғыда орын алуы ықтимал кез-келген дефолт тек жасанды сипатқа ие екенін баса атап өтті.
Фактінің аты факті. Біз, әу бастан Ресейде жағдайды дефолтқа жеткізбес үшін барлық қажетті қаражат пен әлеуеттің бар екенін айтқанбыз. Шынтуайтында, дефолттың болуы мүмкін емес, өйткені Ресейде қажетті қаражат бар. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Дегенмен Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Ресейдің валюта түрінде төлем жасай алуы енді Батыс тым қатаң шараларға бармайды дегенді білдіретін белгі ме деген мәселеге нақты жауап қатпады.
"Батыс енді не істейді" деп бал ашпай-ақ қоялық. Бұдан пайда жоқ. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Бұған дейін РФ Қаржы министрі Антон Силуанов өз ведомствасы банкке төлем тапсырмасын жолдағанын, енді Орталық банктің бұғатталған резервтерінен төлем жасауға рұқсат беру мәселесін АҚШ шешетінін мәлімдеген. Өз кезегінде АҚШ Қаржы министрлігі РФ мемлекеттік қарызы 25 мамырға дейін операциялар жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензияға түсіп отырғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript