Жаңалықтар тізбегі
0

2021 жылы Қазақстанның төлем балансының тапшылығы төмендеді - Ұлттық банк

қаржы нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 17:46 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылдың қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төлем балансындағы ағымдағы шоттың тапшылығы 5,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2020 жылы 6,6 млрд АҚШ долларына шыққан тапшылыққа қарағанда жақсарды. Ағымдағы шот тапшылығының қысқаруы – тауарлар экспортының ұлғаюы есебінен сауда балансының оң сальдосының екі есе артуына байланысты болды. Ұлттық банк

Ұлттық банкте атап өтілгендей, 2022 жылдың қаңтар айында жарияланған алдын ала деректермен салыстырғанда, 2021 жылға арналған төлем балансының ағымдағы шоты іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Тапшылықтың аздап ұлғаюына халықаралық сауда деректерінің түзетуіне және респонденттерден алынған есептерге байланысты болды.

Есепті кезеңде тауар экспорты 2020 жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өсіп, 60,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өсім, негізінен, мұнай мен газ конденсаты экспортының өсуіне байланысты. Тауар импорты тұтыну мен аралық тауарлар импортының жоғарылауына байланысты 7,1%-ға өсіп, 39,7 млрд АҚШ долларына жетті. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы екі есе өсіп, 20,7 млрд АҚШ долларына жетті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, бастапқы табыс балансының тапшылығы 60,5%-ға өсіп, 24,2 млрд АҚШ долларына теңесті. Тапшылықтың артуы тікелей шетелдік инвесторлар кірісінің өсуіне байланысты болды.

Қаржылық шот бойынша таза түсім (резервтік активтерді есептемегенде) 2021 жылы 3,0 млрд АҚШ долларын құрады (2020 жылы – 14,8 млрд АҚШ доллары). Резидент активтерінің артуымен салыстырғанда, олардың міндеттемелерінің анағұрлым жоғары өсімі қаржылық операциялар бойынша капиталдың таза түсімді немесе «қалған елдерден таза қарыз алуды» қамтамасыз етті.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есепке алмағанда) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 34,4 млрд АҚШ долларына бағаланды, бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортын қаржыландыруда 8,7 айдағы қажеттілігін жабады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: