Доллар 8,92 теңгеге арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми хабарламасы бойынша, 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге арзандап, 5,58 теңге болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 520,41 теңге, ал қытай юанінің бағамын 74,3 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464-470 теңге, еуро 507-516 теңге, ресей рублі 5,4-5,9 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 5 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 1,10%-ға өсіп, барреліне 103,89 долларға жетті.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 0,90%-ға өсіп, барреліне 108,58 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript