Доллар 4,26 теңгеге арзандады

Доллар, теңге, рубль, юань, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 16:39 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,26 теңгеге төмендеп, 480,36 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,64 теңгеге (+0,17) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 71,24 теңге (-0,33) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 480-485 теңгеге, еуро 490-495 теңгеге, рубль 7,5-8 теңгеге сатып алынып/сатылды.

Ал мұнайдың әлемдік бағасы 19 шілдеде бұған дейін барреліне 5 доллардан астам көтерілгеннен кейін төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 105,58 долларға дейін төмендеді.

WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері барреліне 101,95 долларға дейін төмендеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: