Ақша айырбастау орындарында валюта бағамының ауытқу шегі белгіленді

Ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 19:20 Сурет: pixabay
«Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» Ұлттық банк басқармасының қаулысы 11 сәуірден бастап өз күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұл қаулының 2022 жылы 31 наурызда қабылданғанын нақтылайды.

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайтынын баса айта кетелік.

Қаулының толық мәтінімен ҚР Ұлттық банктің сайтынан танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: