Кәдеге жарату алымы алынғандарға 14 мамырдан соң артық төленген сома қайтарылады
Сурет: unsplash
ҚР Экология министрлігі “Жасыл Даму” АҚ қайта есеп жүргізіп, кәдеге жарату алымын бұрынғы мөлшерлеме бойынша төлегендерге 15 мамырға дейін артық төленген сома қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі №138 бұйрығына сәйкес кәдеге жарату төлемінің ставкалары 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық 2022 жылдың 14 мамырынан бастап күшіне енді.
14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлемелер бойынша кәдеге жарату алымын төлеу жүзеге асырылған жағдайда, “Жасыл даму” АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтару жүзеге асырылады. ҚР Экология министрлігі
Жаңа ставкалар бойынша, 2022 жылғы 14 мамырдан бастап жеңіл автокөліктерге арналған кәдеге жарату алымының мөлшері 229 мың теңгеден 1 млн 761 мың теңге аралығын құрайды.
Төлемнің барлық түрлері бойынша төмендетілген мөлшерлеме тізімімен мына арадан танысуға болады.
Дәйексіз ақпаратқа бой алдырмауларыңызды, күмәнді хаттарға жауап бермеулеріңізді, тек ресми дереккөздердің ақпараттарына назар аударуларыңызды сұраймыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript