Алматыда кәдеге жарату алымына қарсы митингі өтіп жатыр

Кәдеге жарату алымына қарсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2022 12:57 Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Кәдеге жарату алымына, бастапқы тіркеуге жоқ дейміз!" деген тақырыпта бейбіт митингі өтіп жатыр. Акцияның басы-қасында Мұрат Тұрымбетов пен Дәулет Әбілқасымов сынды азаматтық белсенділер жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жүзге жуық адам жиналған, оның ішінде баспасөз өкілдері мен біршама полиция қызметкерлері де бар.

Сурет: Zakon.kz

Сахна алдында ұйымдастырушылар көлікті әкеліп қойып, оған үнпарақтар жапсырған.

Митинг Қазақстан гимні орындалған соң басталды.

Сурет: Zakon.kz

"Кәдеге жарату алымына, бастапқы тіркеуге жоқ дейміз!" атты акцияға қатысушылар көліктерді бастапқы тіркеу дегеннің күшін жоюды талап етті.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: