Қазақстанда бір жылда күнкөріс минимумы шамамен 20% өсті
Сурет: Zakon.kz
Биыл мамыр айында ең төменгі күнкөріс минимумы 42,6 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,6% артық. Айтпақшы, бес жылда ең төменгі күнкөріс деңгейі 83,5%, он жылда 2,6 есе өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылдың мамыр айында бұл көрсеткіш 35,6 мың теңге болған еді. Бұл одан бұрынғы жылдан 10,9% көп, деп жазды Finprom.kz.
Ең көп күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында белгіленді: 50,2 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 24,5%-ға артық. Көшбасшы өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан (46,9 мың теңге) және Алматы (45,4 мың теңге) бар.
Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан (43,1 мың теңге) және Павлодар (42,6 мың теңге) облыстары да енді. Ал күнкөріс минимумының ең аз өсуі Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript