Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 14:10 Сурет: Zakon.kz
Елімізде тағы да ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған.

Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге – 21 911 теңге жұмсауы керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр.

Ал, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: