Доллар бағамы тағы өсті
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,77 теңгеге көтеріліп, 482,04 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 71,29 теңге (+0,02) болды.
Рубль және еуромен сауда болған жоқ. Ұлттық банк рубль бағамын 8,77 теңге, еуроны 493,23 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 481-486 теңгеге, еуро 491-497 теңгеге, рубль 7,6-8,2 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
21 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
ICE Futures бойынша қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 2,69%-ға арзандап, барреліне 104,04 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркасының қыркүйектегі фьючерстері 3,0%-ға төмендеп, барреліне 96,88 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript