Қытаймен шекарадағы көлік өткізу бекеттері 30 тамызда жұмыс істемейді
Сурет: gov.kz
2022 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өтуіне байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы көліктерді өткізу бекеттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде өз жұмысын жалғастыра береді.
Жүк тасушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript