Қазан айына теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер бекітілді
Сурет: Zakon.kz
Көрсеткіш қыркүйек айындағы мәндер деңгейінде сақталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың қазан айына теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті.
Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің барлық түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және қыркүйек айындағы мәндер деңгейінде сақталды.
Мәселен, толықтырылатын да, толықтырылмайтын да мерзімсіз депозиттердің ең жоғарғы мөлшерлемесі 14 пайыз күйінде қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript