Жаңалықтар тізбегі
0

Экономист тарихтағы ең ірі экономикалық құлдырау болатынын болжады

Болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 19:33 Сурет: pixabay
"Бай әке, кедей әке" бестселлерінің авторы, америкалық кәсіпкер Роберт Кийосаки тарихтағы ең ірі нарықтық құлдырау болатынын болжап, ақшабайларды активтерін криптовалютаға аударып үлгеруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кийосаки доллар қолданыстағы экономикалық жүйені бұзып тынатынына сенімді, оның ақыры елдің жаппай криптовалютаға көшуіне әкеліп соғады, өйткені ол Үкімет бақылауына жатпайды, деп жазады Business Insider.

Криптовалютаны қалау жеткіліксіз. Тарихтағы ең ірі экономикалық күйреу орын алмай тұрғанда қазір криптовалютамен айналысуға көшкеніңіз жөн. Роберт Кийосаки

Айта кетсек, бірнеше ай бұрын Кийосаки ең танымал сандық монета - Биткоинға күмәнмен қарайтынын айтқан.

Биткоиндармен сауда жасаймын. Бірақ, менің ойымша, оның қандай да бір құндылығы жоқ. Мен онымен жай ғана ойын ретінде ойнаймын, деген еді ол.

Кийосаки нарықта көтеріліп келе жатқан "көпіршік" барын бірнеше рет ескертіп, ол "жарылса" арты ауыр болатынын айтқан. Тамыз айында "Бай әке, кедей әке" кітабының авторы Twitter-де осы құлдыраудың басы басталып кеткенін жазып, акциялар, биткоин, алтын, күміс және жылжымайтын мүлік бағасының күрт төмендеп жатқанын нұсқаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: