Франциядағы ең ірі мультиспорттық шарада Қазақстан құрамасы үшінші болып келеді
Сурет: pixabay
Қазақстандық спортшылар - 16-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін ең ірі мультиспорттық іс-шараның дебютанты. Бірақ, соған қарамастан спорттың 20 түріне бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы 64 елдің ішінде үшінші болып келе жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысынан аталмыш додаға тоғыз спортшы аттанды. Ұлттық құрамаға 200-ден астам оқушы кірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бүгін - жарыстың бесінші күні. Еркін күрестен алтын медальді Павлодар қаласының №12 ЖОББМ оқушысы Сұлтан Қайыржан жеңіп алды. Ол 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол "Батыр" БЖСМ-де жаттығады. Бапкері Ермырза Сыздықов, - деді өңірлік дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының жетекшісі Бақтияр Түсіпов.
Павлодарлық оқушылар жеңіл атлетика, жүзу, садақ ату, спорттық гимнастика, таэквондо сияқты спорт түрлерінен сынға түседі. Екі бала - Екібастұздан аттанған Ислам Машкентаев пен Баянауылдан кеткен Дихан Шайқыбаев бокстағы медаль үшін күреседі.
Медальдік есепте Қазақстан үшінші орында тұр. Ел қоржынында сегіз алтын, үш күміс және төрт қола медаль бар. Бірінші орында - Бразилия, екінші орында - Франция. Гимназияға әлемнің 64 елінің өкілдері қатысуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript