Доллар сәл арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,83 теңгеге төмендеп, 472,68 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8 теңгеге (-0,19) түсті.
Қытай юанімен және еуромен сауда жүргізілген жоқ. Юань бағамын Ұлттық банк 66,85 теңге, еуроны 464,15 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473-477 теңге, еуро 460-466 теңге, ресей рублі 7,25-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 4 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,5%-ға өсіп, барреліне 89,33 доллар болды.
WTI мұнайының фьючерстері 0,4%-ға өсіп, барреліне 83,94 долларға жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript