Қазақстан азық-түлік шығыны бойынша рейтингінде бірінші орында
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан рейтингте көш бастап тұр, яғни біздің ел азық-түлікке басқаларға қарағанда көбірек ақша жұмсайды. Тізімде бізге жақын тұрған елдер арасында Молдова – 41,9%, Солтүстік Македония – 37,8%, Беларусь – 37,6% және Болгария – 35,5% бар. Барлығы 39 ел бар. Ресей 31-орында және оның шығыстағы үлесі - 32,2%.
Ал отбасы бюджетіндегі азық-түлікке жұмсалатын шығынның ең аз үлесі Люксембург тұрғындарына тиесілі. Олар азық-түлік сатып алуға шығындарының 8,4-%ын ғана жұмсайды. Одан кейін 8,7% және 10,5% көрсеткішпен Нидерланды мен Ұлыбритания тұр.
Рейтинг Еуропа елдеріндегі үй шаруашылықтары бюджеті туралы ресми деректер негізінде құрастырылған. Онда сонымен қатар олардың темекі мен алкогольге, мейрамханаларға, кафелерге және қонақүйлерге баруға, демалыс пен мәдениетке жұмсалған шығындағы үлесі туралы мәліметтер береді.
Биыл маусым айында сарапшылар қазақстандық отбасылар шығынының 50%-ы азық-түлік өнімдеріне, 46%-ы тікелей азық-түлікке кететінін хабарлаған еді. Сонымен қатар азық-түлікке жұмсалатын қаржының үлесі жыл сайын артып келеді.