Саудада доллар тағы арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 12 желтоқсанда 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 469,93 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 67,54 теңге (-0,45) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 498,39 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-473 теңге, еуро 493-499 теңге, ресей рублі 7,15-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.
12 желтоқсанда мұнай бағасы көтерілді. Таңертең Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 0,57%-ға өсіп, 76,53 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,84%-ға өсіп, 71,62 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript