13 желтоқсандағы саудада доллар сәл арзандады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 469,35 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,30 теңге (-0,23) болды.
Еуромен және Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,15 теңге, рубльді 7,49 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 469,5-472,5 теңге, еуро – 495-499 теңге, ресей рублі – 7,18-7,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.
13 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 1,83%-ға өсіп, барреліне 79,42 долларға жетті.
Қаңтардағы WTI мұнайының фьючерстері 1,65%-ға өсіп, барреліне 74,38 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript