14 желтоқсандағы саудада доллар тағы арзандады

Доллар, теңге, рубль, юань, мұнай, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 15:58 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 468,52 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,39 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 67,28 теңге (-0,01) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 494,79 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-472,5 теңге, еуро 496-501 теңге, ресей рублі 7,15-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 14 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,21%-ға төмендеп, барреліне 80,51 доллар болды.

Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,15%-ға арзандап, 75,28 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: