Саудада доллар тағы арзандады

Доллар, теңге, юань, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 16:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,31 теңгеге төмендеп, 459,05 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,58 теңгеге (-0,02) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,43 теңге (-0,44) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 478,6 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 475-480 теңге, ресей рублі 7,25-7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

17 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеп келеді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,96%-ға арзандап, барреліне 91,97 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 84,53 долларға дейін 1,24%-ға төмендеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: