Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрлігі Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесін қалай азайтуға болатынын анықтады

ақша, теңге, қаржы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 10:36 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында ведомствоның көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша қандай шаралар қолданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Ерұлан Жамаубаев көлеңкелі экономиканың үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне – 2025 жылы ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендету жөніндегі жалпы басым міндетке қол жеткізу үшін кешенді шаралар қабылданып жатқанын айтты.

"Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі негізгі құралдардың бірі болып қала береді. Бұл үшін қолданыстағы ақпараттық жүйелерге түрлендіру жүргізіліп жатыр және мемлекеттік органдардың және екінші деңгейлі банктердің деректер базаларымен ауқымды интеграция жүріп жатыр. Онлайн ақпарат алмасу жолға қойылып жатыр. Шекаралас елдермен, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерімен және басқа серіктестермен".Қаржы министрі

Көлеңкелі айналымды азайтуға қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін ұлғайту және халықтың кірісін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу үлкен әсер ететініне сенімді. Ал салық және кеден заңнамасы мен әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оның ішінде цифрландыру арқылы бюджетке қосымша кірістер қамтамасыз етіліп, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалады.

Бұған дейін үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов министрлерден отставкаға кететіндері бар-жоғын сұрады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: