Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа жылдық сыйлықтар сатып алып, бонус иеленіңіз. Мерекеде қандай тауарларды бөліп төлеуге болады?

Жаңа жылдық мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 11:48 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Жаңа жыл мерекесінде жақындарыңызға ерекше сыйлық ұсынып, сүйіктілеріңізді тосынсыймен қуантқыңыз келеді ме? Әрине, көптен аңсап, армандап жүрген сыйлықтарын берген абзал. Zakon.kz редакциясы таңдаудан сүрінбеуге көмектесетін сыйлықтардың бірнеше нұсқасын дайындады.

Айтулы мейрамда отбасы мүшелерін таңғажайып тосынсыймен таңқалдырамыз деп, дүкендердегі ұзын сонар кезекте көп тұрамыз. Онымен қатар, сыйлықтардың алуандығы мен санынан жаңылып, уақытымызды жоғалтып жатамыз. Әлбетте қаржылық тұрғыдан да қалтамызға салмақ түседі, бойымызда алаңдаушылық туады. Мұндай күйзеліске түспес үшін жағымды бонустарды ала отырып, бөліп төлеуді пайдаланған ұтымды. 

Яғни, қажетті тауардың бағасына байланысты үш айдан екі жылға дейін бөліп төлеу жоспары беріледі.  Науқанның басты ерекшелігі - артық төлемсіз, бастапқы жарнасыз бірнеше айға бөліп төлеу мүмкіндігі.  

Jusan Дүкеніндегі 0-0-24 акциясы аясында 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін зат немесе тауар сатып алуға болады. Науқан аясында тауарлардың барлық санаттарын табуға болады: бұл дегеніңіз 3500 санаттағы 800 мыңнан астам тауар мен қызметтер.

Сонымен қатар, Jusan Дүкені тұтынушыларға бөліп төлеу немесе Jusan картасымен төлеу кезінде құны 50 мың теңгеге дейінгі барлық тауар мен қызметке 15% бонус түрінде сыйлық дайындады.

Бір ерекшелігі отбасы мүшелеріне, әріптестеріңіз бен достарыңызға сыйлықтарды күнделікті жұмысыңыздан қол үзбей, мобильді қосымшадағы Jusan Дүкенінен таңдай бересіз. Бұл мереке алдындағы қарбаласта артық уақыт болмаған кезде өте тиімді.

Төлемнің бұл әдісі баланың көкейіндегі арманын орындауға мүмкіндік береді.  Себебі еш қиындықсыз  компьютерлік техниканы онлайн сатып ала аласыз. Ал ойын компьютері немесе консольдер жасөспірім жақындарыңыздың төбесін көкке жеткізеді.  

Сонымен қатар, сүйіктіңізге бұрыннан армандаған зергерлік бұйымын алып берсеңіз болады. Немесе қысқы шиналар жиынтығын сыйласаңыз құптарлық. Бұл біріншіден сүйіктіңіз бен оның жолаушыларының қауіпсіздігі үшін қажет.  Өйткені темір тұлпардың дұрыс жүруі жайлылық пен қауіпсіздікке байланысты.

Тұрмыстық техника мен қымбат гаджеттер үшін бағаны ыңғайлы сомаларға бөліп төлеу ұтымды. Өйткені электроника үшін қаржы жинау ұзаққа созылады. Себебі техниканың бағасы тұрақсыз, тез қымбаттайды. Сондықтан жақындарыңызға жаңа тоңазытқыш, теледидар немесе кір жуғыш машина түрінде сыйлық сыйлау, тіпті өзіңізге смартфон алу кезінде бөліп төлеу өте ыңғайлы.

Әрине, денсаулық пен дене бітімі туралы ұмытпаған абзал. Мысалы жаңа  тренажер  мен спорттық аксессуарлардың қызығын сіз ғана емес, жақындарыңызда көреді. Жұмыс жүктемесі мен тұрақты емес жұмыс кестесіне байланысты спортзалға жүйелі түрде баруды  әркімнің қалтасы көтере бермейді. Бірақ, спортпен айналысу мүмкіндігінен бас тартпаңыз - бұл үшін үйге арналған жаттығу құралдарын сатып алу жеткілікті.  Осылайша денсаулықты жақсартып қана қоймай, туғандарыңызды спортқа баулисыз.

Егер мереке қарсаңында үйді безендіріп үлгермесеңіз, мерекелік шыршаны сатып алуға уақытыңыз болмаса, онлайн тапсырыс жасаңыз.  Жаңа жылдың басты символын үйіңізге еш кедергісіз, лезде жеткізіп береді.  Оның үстіне дүкенде жаңа жылдық шырша мен гирляндаларға 30%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.  

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: