АХҚО-дағы Қайрат Келімбетовтің орнын Ренат Бектұров басты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы негіздегі Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі.
Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук сынды ислам бағалы қағаздары сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.
Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).
Президенттік жастар кадр резервінде болған.
Алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript