9 ақпандағы саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,23 теңгеге төмендеп, 452,37 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 66,69 теңге (-0,51) боды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 489,96 теңге, рубльді 6,36 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 455-458,5 теңгеден, еуро 489-493,5 теңгеден, ресей рублі 6,25-6,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 9 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Мәселен, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,20%-ға өсіп, барреліне 85,25 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 0,14%-ға өсіп, барреліне 78,58 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript