Жаңалықтар тізбегі
0

24 ақпандағы саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 15:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,26 теңгеге төмендеп, 447,73 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,51 теңге (-0,80) болды. 

Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,68 теңге, рубль бағамын 5,99 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-452 теңгеден, еуро 475-480 теңгеден, ресей рублі 5,75-6 теңгеден сатылып жатыр.

Ал 24 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,85%-ға өсіп, барреліне 82,91 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада сәуір айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,88%-ға өсіп, 76,05 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: