13 ақпандағы саудада доллар бағамы көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,61 теңгеге көтеріліп, 452,42 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 66,02 теңге (-0,06) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 482,57 теңге, рубль бағамын 6,19 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 453,5-457 теңге, еуро – 483,5-488 теңге, ресей рублі – 6,1-6,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 13 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,94 пайыз төмендеп, 85,45 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнай барреліне 0,92 долларға арзандап, 78,8 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript