21 ақпандағы саудада доллар бағамы тағы түсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 445,65 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,80 теңге (-0,38) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 478,03 теңге, рубль бағамын 6,05 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеден, еуро 476-481 теңгеден, ресей рублі 5,7-6 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 21 ақпандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,40%-ға арзандап, барреліне 83,73 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуір айындағы фьючерстері 17 ақпандағы сауда нәтижесімен салыстырғанда 0,81%-ға өсіп, барреліне 77,17 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript