Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бір отбасы кафе-ресторандарға қанша ақша жұмсайды

Қазақстанда бір отбасы кафе-ресторандарға қанша ақша жұмсайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 14:38 Сурет: unsplash
Дайын азық-түлік қымбаттағанымен бұл халқымыздың тұтыну әдеттерін өзгерткен жоқ. Ұлттық статистика бюросы отбасылардың сыртта тамақтануға жұмсаған шығыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамақтану орындарындағы ас мәзірінің бағасы өскен соң ел тұрғындарының шығыны да бірден 44,8% көбейді. Елімізде 2022 жылы бір отбасы дәмхана мен мейрамханалардағы тамаққа 50,4 мың теңге жұмсаған. Салыстыру үшін: 2021 жылы бұл шығын 34,8 мың теңге болған еді.

Бір қызығы, ауа-райы қолайсыз болған кезде шығын көбейген. Мысалы, былтыр қаңтар-наурыз айларында орташа отбасының сыртта тамақтануға жұмсаған шығыны бірден 24,2% өсіп, 11,6 мың теңге болған.

Дәл осындай серпін төртінші тоқсанда да болды: шығынға +25,9%, ал тоқсандық сома қазірдің өзінде 15 мың теңге болып отыр. Бл туралы Energyprom.kz жазды.

2019-2021 жылдар аралығында дәмханалар, асханалар мен мейрамханалардағы тағам бағасы жалпы азық-түлік құны сияқты тез өскен жоқ. Соның ішінде қоғамдық тамақтанудың экономикалық сегменті, атап айтқанда асханалардағы түскі ас пен фастфуд бағасы ең көп өсті: тиісінше 27,9% және 20,9%. Кейінгі бір жылда мейрамханадағы кешкі ас 20,2% қымбаттады.

Кейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда азық-түлік жылына 12% қымбаттаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: