21 сәуірдегі саудада доллар екі теңгедей қымбаттады

Доллар, теңге, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 16:40 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,87 теңгеге көтеріліп, 457,68 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 66,51 теңге (+0,45) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 499,37 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452,5-455,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сауда аптасының соңғы күнінде мұнай арзандады. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 0,26%-ға төмендеп, 80,89 доллар, WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері 0,23%-ға төмендеп, 77,19 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: