Қазақстаннан 100 млн теңге мен алтын құйманы заңсыз алып шықпақ болған азамат тұтылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты, сондай-ақ 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкету әрекетін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "Астана-Ауежай" кедендік бекетіндегі сәуір мен мамыр айлары аралығында жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, мәлімдеді.
Мысалы, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген іс – шаралардың нәтижесінде "Астана-Анталия" әуе рейсін тексеру кезінде 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшасы табылған азамат тоқтатылды.
Астана қаласы бойынша МКД жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript