Астанадан 100 млн теңгеден астам декларацияланбаған ақшаны шығармақ болған

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінде ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 млн теңгеден астам ақшалай қаражатты, сондай-ақ 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкету әрекеті анықталды.
Осылайша, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген іс – шаралардың нәтижесінде «Астана-Анталия» әуе рейсін тексеру кезінде 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшасы табылған азамат тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады.
Бұл ретте мұндай бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript