Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат табысты есептегенде нақты статистикаға жүгінуді талап етті

Мәжіліс депутаты, жұмыссыздық деңгейі, статистика, Ұлттық статистика бюросы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 12:36 Сурет: Zakon.kz
Маусымның 2-сі күні Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Ұлттық статистика бюросының орташа жалақы мен жұмыссыздық деңгейі туралы мәліметтері өзекті емес екенін айтып, Бюродан нақты сандарды беруді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Amanat фракциясының отырысында Юлия Кучинская Ұлттық статистика бюросының өкіліне базынасын айтты.

"Шын мәнінде, дұрыс жоспар құру үшін біз нақты сандарға сүйеніп, қандай жағдайға тап болғанымызды анық түсінуіміз керек. Бірақ біздің статистикаға қарасаңыз, біз әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз. Орташа жалақы – 340 мың теңге. Мысалы, мен қазір халықтың басым бөлігі осындай жалақы алады дегенге қатты күмәнім бар. Шын мәнінде халықтың басым бөлігінің жалақысы 3-4 есе аз". Юлия Кучинская

Депутат жұмыссыздық статистикасына да тоқталып өтті. Ол он жыл ішінде Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне ешқандай фактор: пандемия да, экономикалық дағдарыс та әсер етпегеніне таң қалғанын жасырмады.

"Ол ( жұмыссыздық деңгейі – Ред.) бізде тұрақты түрде 4,6%-дан 5%-ға дейін. Мынаны сұрауға бола ма, қашан нақты статистика жүгініп, елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалындағы шынайы жағдайды көрсететін модельдерге қол жеткізе аламыз? Юлия Кучинская

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов жалақы тоқсан сайын кәсіпорындардан түсетін мәлімет негізінде есептелетінін және бұл орташа арифметикалық көрсеткіш екенін. Оның айтуынша, шын мәніде ауқым өте үлкен.

"Ең төменгі жалақы, яғни 70 мың теңгені кәсіпорын жұмысшыларының шамамен 5-6 пайызы алады. Жоғарғы шекте, яғни ең жоғары жалақы алатын 5 жұмысшының жалақысы 565 мың теңгеден және одан да жоғарыдан басталады. Айына миллион мен екі миллион алатындар бар. Тиісінше, біз осы ауөымды қарастырған кезде, тек арифметикалық орташа деңгейде ғана емес, сонымен қатар медианалық деңгейде де ұлғайтуды ұсынамыз. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ол 225 мың теңге болды. Ал бұл 340 пен 225 мың теңге арасындағы айырмашылық жоғары жалақы алатын жұмысшылардың болуына байланысты ". Жандос Шаймарданов

Әсіресе, ол атап өткендей, бұл тау-кен саласына қатысты. Мұнай саласында орташа жалақы 766 мың теңге болса, бұл экономика бойынша орташа деңгейден 2,2 есе жоғары.

"Сонымен қатар бірқатар басқа салаларда, мысалы, ауыл шаруашылығында жалақы әлдеқайда төмен. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы орташа жалақы 179 мың теңге болды. Бұл экономика бойынша орташадан  1,5 есе төмен". Жандос Шаймарданов

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда орташа номиналды жалақы (шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алмағанда) 338 715 теңге болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: