Жаңалықтар тізбегі
0

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 13:59 Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылықтан нашар қорғалатынын айтып, жазаны күшейтуді және тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресетін жауапты мемлекеттік орган тағайындауды талап етті.
Депутаттың сөзінше, "жемқорлықпен сотталып, рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді" деген жантүршіктірер ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. 
Депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше қатаң өзгерістер заңнамаға енгізілген. Оның ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ.
"Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажет деңгейде тоқтау салмай отырғаны қынжылтады. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйелдер өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов "Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе!" деп айтқан. Ол сөзі бүгінге дейін әлі өзекті. Зерттеулерге сай 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40%-ы жеткен екен. Ал ондай абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босаған. Ал олардың тек 39%-ы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған". Депутат Жұлдыз Сүлейменова
Депутат қазақ әйелдерінің ендігі тағдыры бәрімізге тікелей байланысты деп баса айтты.
"Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірінші елімізде құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыру, идеологияны жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңды қатаңдату және оның сапалы орындалуын жүзеге асыруымыз қажет. Дегенмен небір "қыңыр мүдделі" топтардың араласуымен аталған заң тұжырымдасындағы нормаларды үкімет қолдамай отыр. Түрлі эксперт ортаға салып, түсініксіз себептермен заң әлі мәжіліске келген жоқ. Өзіміз жасаған, әйелдер мен балаларды нақты қорғайтын заң жобасына қажет қорытындыны үкімет созып жатыр. Сонда тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе?!" - деп қосты ол.
Сондықтан "AMANAT" Фракциясының депутатары мыналарды ұсынды:
  • Ең бастысы, әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықты қылмыс деп танылуы қажет. Заңнамада жазаны қатайту жүзеге асуға тиіс. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ! Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз!
  • Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті.
  • Үкіметтің әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ажырасқан әйелдерге алиментті уақытылы төлеуге бағытталған қатаң шаралар қабылданған мемлекеттік саясатты бекітуді сұраймыз.
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен криминализациясы қарастырылған бірнеше депутаттардың бастамасымен әзірленген Заң тұжырымдамасына тез арада оң қорытындыны күтеміз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: