6 маусымдағы саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 16:10 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,89 теңгеге төмендеп, 447,71 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,96 теңге (-0,08) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 479,67 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-450 теңге, еуро 479,5-484,5 теңге, ресей рублі 5,37-5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, мұнай бағасы 6 маусымдағы саудада төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 2,02%-ға арзандап, барреліне 75,16 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай шілдедегі фьючерстері 2,29%-ға арзандап, барреліне 70,50 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: