Жаңалықтар тізбегі
0

Әнуар Сүлейменов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 18:31 Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 2023 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен Әнуар Сүлейменов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ерғали Егемберді Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының жаңа орынбасары Әнуар Сүлейменовті таныстырды, делінген ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әнуар Сүлейменов 1986 жылы 24 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары, Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын қаржы мамандығы бойынша, Тұран университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылдың қазан айында Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2010 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түрлі бейінді бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдың маусымынан бастап Қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы, 2021 жылы ақпаннан бастап Әкімшіліктендіру департаментінің директоры, 2021 жылғы тамыздан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: