Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының өкілеттіктері кеңейтілді

Министерство финансов РК, МФ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 10:25 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, комитет басшысын ҚР қаржы министрі лауазымға тағайындайтыны және лауазымынан босататыны көрсетілген.

Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері басшыларын тағайындау тәртібі өзгертілді.

Енді Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы мына қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:

  • өзінің орынбасарларын;
  • облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларын;
  • Бас диспетчерлік басқарманың басшысын;
  • мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын;
  • комитеттің қарамағындағы ұйымның басшысын.

Бұған дейін аумақтық департаменттердің басшыларын премьер-министрмен және Президент Әкімшілігінің басшысымен келісу арқылы қаржы министрі тағайындайтын.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысына аталған санаттағы қызметкерлерді іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша тиісті өкілеттіктер беріледі.

Ережеге комитеттің қарамағындағы ұйым ретінде "Digital Silk Road Company" ЖШС де енгізілді.

Бұйрық 2026 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: