Мемлекеттік кірістер комитетінің функциялары кеңейтілді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қазандағы бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, комитеттің өкілеттіктері бірнеше жаңа бағыттармен толықты:
- халықаралық шарттарға жатпайтын, шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдармен өзара ынтымақтастыққа қатысты өз құзыреті аясында құжаттарды жасау, қол қою және келісу;
- көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
- көлеңкелі экономикамен күрес шараларын қабылдау.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript