Қазақстанда 2023 жылға арналған бюджетке шығындарды арттыру бағытында түзету енгізілмек
Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды іске асыру туралы" үкіметтің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, шығынды 21 647 463 677 мың теңгеден 21 647 507 883 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланған.
Бұл ретте кіріс өзгеріссіз қалады – 19 063 995 118 мың теңге.
Мына салаларда шығын қысқартылады:
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар – 377 443 980 мың теңгеден 372 045 262 мың теңгеге дейін;
- қорғаныс саласы – 64 599 969 мың теңгеден 59 750 930 мың теңгеге дейін;
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 47 541 603 мың теңгеден 42 692 564 мың теңгеге дейін;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салуға және реконструкциялау – 47 541 603 мың теңгеден 42 692 564 мың теңгеге дейін;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саласы – 17 509 065 мың теңгеден 16 975 331 мың теңгеге дейін;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің даму бағдарламасы – 159 450 мың теңгеден 143 505 мың теңгеге дейін және т.б.
Ал мына салаларда шығындар артады:
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 14 470 660 мың теңгеден 15 810 304 мың теңгеге дейін;
- облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері – 14 470 660 мың теңгеден 15 810 304 мың теңгеге дейін;
- "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері – 13 986 290 мың теңгеден 14 011 796 мың теңгеге дейін.
Құжатта жазылғандай, түзетулер мемлекеттік органдардың өзіне жүктелген функцияларды тиісінше орындауы мақсатында енгізіледі.
Құжат қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript