Облыстық бюджеттен азаматтарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге қаражат бөлінді
Қаулымен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу бекітіледі.
Бюджеттен барлығы 1 590 758 000 теңге бөлінді. Олардың ішінен:
- Астана қаласы мен Ақмола облысына – 82 133 000 теңге,
- Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарына – 82 132 000 теңге,
- Алматы қаласына 100 386 000 теңге, Алматы облысына 100 385 000 теңге,
- Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарына – 69 741 теңге,
- Шығыс Қазақстан облысына, Абай қ. – 70 572 000 теңге,
- БҚО, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 69 740 000 теңге.
- Түркістан облысына – 115 424 000 теңге.
Сонымен қатар, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі түзетілді. Мәселен, бұрын бұл бағытқа 2 431 424 534 000 теңге бөлу жоспарланған болса, қазір бұл сома 2 415 576 201 000 теңгеге дейін қысқарған.
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шығыстар 377 443 980 000 теңгеден 375 385 000 000 теңгеге дейін қысқартылды.
Ұлттық қордан ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға және жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шараларды іске асыруға берілетін трансферттердің мөлшері де қайта бөлінді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінің мөлшері 249 167 878 000 теңгеден 254 203 488 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Толығырақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының мәтінін қараңыз.