Биыл елімізде 400 мыңнан астам балаға мектеп формасын, керек-жарағын алуға көмек беріледі
Сурет: Zakon.kz
Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.
Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сонымен қатар жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.
"Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқкиім, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - дейді Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.
Еске сала кетейік, былтыр мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript