16 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы өзгеріссіз қалды
Фото: Zakon.kz
Сауда-саттық қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы өзгеріссіз қалып, 444,4 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы да өзгермей, 5,40 теңге деңгейінде қалды. Ал Қытай юані 0,15 теңгеге қымбаттап, 66,58 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары:
- долларды сатып алу – 444,3 теңге, сату – 446 теңге;
- еуроны сатып алу – 490 теңге, сату – 494,7 теңге;
- рубльді сатып алу – 5,16 теңге, сату – 5,27 теңге.
16 қарашада әлемдік биржаларда мұнай арзандап жатыр. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,49%-ға төмендеп, барреліне 95,37 долларды құрады. Ал америкалық WTI мұнайы 0,26%-ға арзандап, барреліне 88,33 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,3 теңге, еуроны 490,91 теңге, рубльді 5,41 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 16 қарашаның бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.